Сіздерді көктемнің ең әдемі және жарқын мерекесі 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Табиғат әйелдерге теңдесі жоқ сұлулық пен таусылмас қуат, нәзіктік пен инабаттылық, өмірлік даналық пен керемет шыдамдылық сыйлады.
Сіздер отбасылық ошақтың басындасыздар, балаларды тәрбиелеп, кәсіби және қоғамдық қызметте де жетістікке жетесіздер, әрдайым жас әрі әдемі болып қала бересіздер.
Көктемгі мереке қарсаңында Сіздерге күлкі, керемет мерекелік көңіл-күй, отбасылық бақыт, амандық, Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық тілеймін!
Құрметпен,
Бақытжан Тәжібай