11 ақпанда Атқарушы комитетінің мүшелері 2019 жылдағы Кәсіподақ қызметінің нәтижелерін талқылады.
Атқарушы комитеттің отырысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қаржылық саясат басқармасының басшысы Ақмарал Шүйінішева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қаржылық директорының орынбасары Айгүл Досмаилова және ҚДСҚСК филиалдарының төрағалары қатысты. Іс-шара модераторы ҚДСҚСК төрағасы Бақытжан Тәжібай болды.
Жиналыста талқыланған өзекті мәселелердің бірі – еліміздің медициналық ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру. ҚДСҚСК қызметкерлері осы әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін біраз жұмыстар жасады.
Күн тәртібі шеңберінде қатысушыларға ҚДСҚСК төрағасының орынбасары Қарлығаш Оралова таныстырылды. Сонымен қатар, Қ. Оралова – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалдың төрайымы.
Жиналыста талқыланған басқа да мәселелер:
– ҚРДСМ, ҚДСҚСК және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасында 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімге отыру;
– Айтылған келісімді орындау бойынша іс-шаралар жоспары;
– ҚДСҚСК-тың 2020-2024 жылдарға арналған қызмет бағдарламасын жүзеге асыру;
– ҚДСҚСК-қа 2019 жыл бойынша статистикалық есеп беруді талдау;
– ҚДСҚСК-тың 2019 жылдағы қаржылық қызметі және Кәсіподақтың жарғылық қызметін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлердегі кәсіби органдардың жауапкершілігін арттыру;
– 2019 жылғы Кәсіподақ ОК аппаратының кіріс-шығыс сметасын орындау туралы және 2020 жылға арналған кіріс-шығыс сметасын бекіту;
– 2019-2020 оқу жылына арналған Кәсіподақтың атаулы стипендиясына жыл сайынғы сайысты хабарлау;
– Кәсіподақ Орталық кеңесі аппаратының ұйымдық құрылымы мен штат кестесін бекіту;
– «ҚДСҚСК» ҚБ бастауыш ұйымы туралы ережені бекіту;
т.б. сұрақтар.