Құрметті әріптестер!
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Келе жатқан жыл баршаңызға қуаныш, жағымды жаңалықтар, жеңістер мен жетістіктер, қуанышты сәттер сыйласын. Сіздерге бар жақсылықты тілейміз. Жаңа жыл еңбек адамының абыройын өсіріп, мерейін үстем етіп, әлеуметтік әріптестік пен іскерлік қатынастарды нығайта түседі деп үмiттенемiз! Осы бағытта өз жұмысымызды ынтымақта берекелі, сәтті жүзеге асырайық.
Отбасыларыңызға жылулық, мейірімділік пен бақыт тілейміз!
Ізгі ниетпен,
Кәсіподақ төрағасы Б.Тәжібай