Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған филиалына қарасты  Ескелді аудандық орталық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымы «Мектепке жол»  және «Жылу» мейірімділік  акцияларын өткізді.

Шараның мақсаты жалғызбасты, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлікке шыққан сала қызметкерлеріне қайырымдылық көмек көрсету.

Осыған орай, 2 тамыз күні Ескелді аудандық орталық аурухана әкімшілігінің өкілдері-директордың алғашқы медициналық санитарлық көмек жөніндегі орынбасары Л.Гасниченко, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Сүлейменова, «Жәрдем» бастауыш партия ұйымының төрағасы Т.Талдыбаев, психолог М.Сигида, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мұғалім-валеологі Г.Қалиякберова аурухана қызметкерлерінің балаларына материалдық қолдау көрсетті. Шара барасында 10 отбасына мектепке қажетті кеңсе тауарлары тапсырылды. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы- 50000 тенге.

Сондай ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылатын дәстүрлі  «Жылу» акциясы аясында кәсіподақ белсенділері аталмыш ұжымда ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, бүгінгі күні зейнеткер, жалғызбасты қарттарға азық-түлік жинағы табыстады.

 

Сүлейменова Кенже Оспанқызы

Ескелді аудандық орталық ауруханасының

бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU