Білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалдары ұйымдастырып 23-24 сәуір күндері Арал ауданындағы «Қамбаш» балалар сауықтыру және қосымша білім беру орталығында ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңы және өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңнамалық актілердің негіздерін пайдалану, іс жүзінде қолдану, кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында жаңадан сайланған кәсіподақ көшбасшыларына арналған семинар-тренинг өткізілді.
«Қазіргі қоғамда кәсіподақ ұйымын тиімді басқару» атты семинар-тренинг
Қатысушылар: Білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподақтарының төрағалары.
1. ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңын қолдану жөнінде
2. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыру жұмыстары
3. Әлеуметтік серіктестік – уақыт талабы
4. Ұжымдық шарт – ынтымақтастық кепілі
5. Кәсіподақ комитетінің жазбаша және ауызша өтініштер қарау тәртібі
6. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу. Жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. ҚР Еңбек кодексінің қолданылу тәртібі. Сұрақ-жауаптар.
7. Кәсіподақ комитетінің қаржылық жұмыстары туралы
8. Кәсіподақ комитетінің еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғауда атқаратын қызметі. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық (кәсіподақ) инспектор туралы Ереже
9. «Кәсіподақ көшбасшысының келбеті» тренинг
10. Тәжірибе алмасу.