2015 жылдың 27 наурызында Астана қаласы «SportCity» теннис орталығында Спартакиада-2015 аясында Елордалық медицина ұйымдарының қызметкерлері арасында үстел теннисі бойынша командалық турнир өтті. Турнир басталар алдында Теннис орталығының өкілі турнир ережелерімен таныстырды. Жарыс бір мезгілде 7 үстел басында өтті. Әр ойын халықаралық ережелер бойынша 11 ұпайға дейін ойналды.
Командалар санының көптігіне орай (25 команда), турнир бірнеше турдан тұрды. Турлар олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді. Әсіресе соңғы және соңғының алдындағы турлар қызу өтті.
Келесі жеңімпаз-командалар анықталды:
1-орын – «Қалалық туберкулезге қарсы диспансер» МҚКК;
2-орын – «№ 1 Қалалық аурухана» МКК;
3-орын – «Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу орталығы» РКК.
Жүлделі орын алған жеңімпаз командаларға Кубоктар мен Дипломдар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.