AQNIET кәсіподағы облыстық филиалының атқару комитетінің отырысы өтті
2025 жылғы 6 наурызда Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «AQNIET» Маңғыстау облыстық филиалының атқару комитетінің отырысы өтті. Отырысқа бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысып, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және кәсіподақ қозғалысын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
2024 жылғы филиалдың қызметі қорытындыланып, кәсіподақ мүшелеріне құқықтық қолдау көрсету, «Медициналық адвокат» жобасын дамыту және қаржылық есептілік мәселелері қарастырылды. Кәсіподақ мүшелерін есепке алу, республикалық байқауға дайындық, сондай-ақ кәсіби өсу мен жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуына ерекше назар аударылды.
Отырыста қабылданған шешімдер аймақтағы кәсіподақ қозғалысын күшейтуге маңызды қадам болмақ.