Қазақстан Республикасының Президенті 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауына байланысты «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағының заң бөлімінің меңгерушісі Еркебұлан Бүркітбаев Sputnik агенттігіне:
https://t.me/banks_of_Kazakhstan/18327 сұхбат берді.
Ол жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру мен жұмысшылар үшін еңбек жағдайларын жақсарту маңыздылығын атап өтті. Кәсіподақтың негізгі міндеттерінің бірі болып табылатын жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше назар аударды. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауда қолданатын механизмдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Өткен жылы «AQNİET» Кәсіподағына көптеген өтініштер түсіп, олардың әрқайсысы мұқият қаралған. Нәтижесінде еңбек құқықтарының бұзылуына тап болған көптеген жұмысшылар қорғалған. Ол «Біз еңбек заңнамасын бұзу мәселелерін шешуге көмектесеміз, сотта және басқа да инстанцияларда заңгерлік қолдау көрсетеміз және қызметкерлердің мүдделерін білдіреміз», — деп атап өтті.
«AQNİET» Кәсіподағы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша кешенді шаралар жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдармен және Отбасы банкімен «AQNİET» Кәсіподағының мүшелері үшін тұрғын үй бағдарламасы бойынша келіссөздер жүргізілуде. Мысал ретінде «Елорда жастары» бағдарламасын келтіруге болады. Кәсіподақ мүшелеріне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беру үшін белгілі бір іріктеу критерийлері әзірленеді. Бұл күнделікті қоғамның игілігі үшін жұмыс істейтіндер үшін нақты қолдау болады. Мұндай бастамаларды іске асыру жұмысшы кәсіптердің өмір сүру деңгейі мен қоғамдағы беделін едәуір арттырары сөзсіз.
Жұмысшылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, олардың мүдделерін қорғауға және жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін арттыруға бағытталған бағдарламаларды іске асыру бойынша «AQNİET» Кәсіподағы белсенді қызметін жалғастыра береді.