Тәуелсіздік күні қарсаңында «AQNIET» салалық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалының төрайымы Мутиева Гулсара Нурмуханбетқызы облыстық балалар тіс емханасының ұжымымен кездесу өткізді.
🔹Кездесу барысында Гулсара Нурмуханбетқызы ұжымды ұлттық мерекемен құттықтап, олардың денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегін жоғары бағалады. Сонымен бірге, кәсіподақ тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар мен бастамалар туралы жан-жақты ақпарат берді. Ол кәсіподақтың негізгі мақсаты қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау екенін атап өтіп, ұжымның кәсіподаққа қосқан үлесін ерекше тілге тиек етті.
🔸Кездесу соңында еңбектегі үздік әріптестер AQNIET кәсіподағының Орталық кеңесі мен Атырау облыстық филиалының “Құрмет грамоталары” және “Алғыс хаттарымен” марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
🙌Бұл кездесу кәсіподақ пен ұжым арасындағы байланыстарды нығайтып, қызметкерлердің кәсіподақ жұмысына деген сенімін арттыруға бағытталған маңызды шара болды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU