Құрметті әріптестер мен серіктестер!

10 желтоқсанда бүкіл әлем БҰҰ Бас Ассамблеясының адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдауына орайластырылған атаулы күн – Адам құқықтары күнін атап өтеді. Бұл дәуірлік құжат бүкіл әлемде теңдік, бостандық пен әділеттілікті ілгерілетудің негізі болды.
Декларация нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, әлеуметтік тегіне немесе басқа айырмашылықтарына қарамастан әр адамға тиесілі ажырамас құқықтарды жариялайды. Бұл құқықтар біздің жұмысшыларды қорғауымызға, олардың қауіпсіздігіне және олармен әділ қарым-қатынас жасауға күш салатын негіз болып табылады. Біз әр қызметкердің қолдауымызды сезінуі үшін, құқықтарын құрметтеп сақтау үшін күнделікті жұмыс жасаймыз.
Адам құқықтары күні бізді мұнымен шектелмеуге шақырады. Біз ынтымақтастықты нығайтуды, кемсітушілік пен теңсіздікпен күресуді, әркімнің құқықтары мен қадір-қасиетін қорғауды жалғастыруымыз керек.
Бұл күн бізді адам құқығы өміріміз бен қызметіміздің ажырамас бөлігіне айналатын әділетті әлемге жаңа қадамдар жасауға шабыттандырсын.
Құрметпен,
«AQNİET» Кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібай

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU