‘Жолымыз ақ болсын’- деп, “AQNIET” Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының бас үйлестірушісі, ҚР ДС министрлігі Қоғамдық кеңес мүшесі- Д.Нұрсапа екеуіміз Жетісу өңіріндегі іссапарымызды 25.11. – 29.11.2024жж. бастап, жолға шықтық.
Жиналған медицина қызметкерлерінің алдында Орталық Кеңес, филиалдың атқарып жатқан жұмыстары, алға қойған жоспар-мақсаттары туралы қысқаша баяндалды.
Бүгінгі күні медицина қауымына өзекті тақырып:
“Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру, құқықтарын заң жүзінде қорғау. Әрекеттер тізбегі және әдістемелік ұсыныстар”атты мәселелер толыққанды түсіндіріліп, артынан сынақ алынды. Семинар барысында туындаған сұрақтар, талап-тілектер кәсіподақ комитеті мүшелері, ұжым әкімшілігі, жиналған медицина қызметкерлері бірліге отырып талқылап, көптеген мәселелердің жауабы, орындалуы оң шешімін тауып отырды.
Қатысушылар алған білімдеріне шабыттанып, “AQNIET” кәсіподағы басшылығы мен Алматы, Жетісу облыстары филиалына, жеке дара Дәурен Сайрамғазыұлына ризашылықпен жүрек жарды ақ тілектерін білдірді.
Бізде осы жолы түсіндірме жұмыстарын басқа форматта өткіздік, әрбір аудан, қала медицина мекемелеріндегі мамандардың жұмыстарына кедергі тигізбей жеке-жеке бардық. Соның арқасында 328 әріптестерімізді білімін арттырдық, бұрындары 70-80 болатын.
Барлық қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, “AQNIET” медицина саласындағы қызметкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауда аянбай қызмет көрсетеді.
Және де нақты істермен, медицина қауымының ‘нағыз қорғаушысы’ – деген атқа лайықты Кәсіподақ болуға жұмысын қарқынды жалғастырмақ.