Зорлық-зомбылықты тоқтатудың халықаралық күні
Біріккен Ұлттар ұйымының бекітілуімен 25 қараша әлем әйелдеріне қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатудың халықаралық күні болып аталып өтеді. Кез келген нысандағы зорлық-зомбылық адам құқықтарын бұзу болып табылады және оған қоғамның белсенді араласуын талап ететін психологиялық, экономикалық және жыныстық зорлық-зомбылық екенін есте ұстаған жөн. Оның алдын алу және жою жөніндегі күш жігерді біріктіріп, «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» халықаралық науқанды қолдау және кәсіподақ қауымдастығы ретінде біздің міндетіміз.
«AQNIET» кәсіподағы Алматы, Жетісу облыстары филиалына қарасты Ақсу аудандық ауруханада, еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі Д.Ахметова қоғамда орын алып жатқан түрлі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу мақсатында, қыз-келіншектер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, біршама отбасының жай-күйі тексерілді. Зорлық-зомбылық құрбаны болған немесе білген жағдайда жасырмай полицияға хабар беруді, зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жандарға көмек беретін мемлекеттік ұйымдар жайында да толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 16 күндік белсенділік – бұл қыздар мен әйелдердің құқықтарына, гендерлік теңдікке қол жеткізу, шешім қабылдаушылардың міндеттемесін, жауапкершілігін, әрекетін арттыра отырып, қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату.
«AQNIET» кәсіподағы әлемдік кәсіподақ қозғалысының терезесі тең мүшесі ретінде халықаралық керекті науқанға қатысуды қажет деп санайды.