«Израильдің міндетті медициналық сақтандыру жүйесі, сақтандыру жарналарын аудару және аурухана кассалары арқылы медициналық қызметтерді алу қағидаттары» тақырыбындағы халықаралық кездесу
Бүгін, 2024 жылғы 17 қазанда, Алматы қаласында «AQNIET»
Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету
қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚР Денсаулық сақтау
министрлігімен бірлесіп «Израильдің міндетті медициналық сақтандыру
жүйесі, сақтандыру жарналарын аудару және аурухана кассалары арқылы
медициналық қызметтерді алу қағидаттары» тақырыбында маңызды іс-шара,
гибридті халықаралық кездесу және тренинг (онлайн+офлайн) өткізді.
Аталған іс-шараның модераторлары Денсаулық сақтау және қоғамдық
қызмет көрсету кәсіподағының төрағасы – Тәжібай Бақытжан Арынұлы мен
Алматы қаласы No 6 қалалық емханасының директоры — Камбарова
Гүлшахира Ажимукановна. Бақытжан Тәжібай кәсіподақтар мен әлеуметтік
әріптестік мәселелері бойынша да сөз сөйледі.
Ал негізгі спикер ретінде Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің
Халықаралық қатынастар бөлімінің директоры және Еуропалық топтың ДДҰ
Атқарушы комитетінің мүшесі, профессор Ашер Шалмон сөз сөйлейді.
Халықаралық кездесуде-тренингте Израильде міндетті медициналық
сақтандыруды ұйымдастырудың негізгі мәселелері: аурухана кассаларының
мәртебесі, олардың функциялары, жеткізушілерді таңдау критерийлері,
медициналық қызметтерге тариф белгілеу тәсілдері, стационарлар мен
емханалардағы төлем әдістері, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіндегі IT-
шешімдер мен алаяқтыққа қарсы күрес талқыланды,.
Кәсіподақтармен әлеуметтік әріптестік, Израильдегі әлеуметтік диалог,
ұжымдық келіссөздер арқылы сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау
мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысуды растайтын 4 академиялық
сағатқа сертификат берілді.
Бұл іс-шара Қазақстанның денсаулық сақтау қызметкерлері үшін
әлемнің дамыған елдерінің бірінде медициналық сақтандыруды
ұйымдастырудың үздік тәжірибелері туралы білуге, өз біліктілігін арттыруға,
медициналық сақтандыру саласындағы білімдерін тереңдетуге, медициналық
мекемелермен өзара іс-қимылдың практикалық дағдыларын дамытуға,
сондай-ақ пайдалы кәсіби байланыстар жасауға және елдегі денсаулық сақтау
жүйесін дамытуға үлес қосуға бірегей мүмкіндік болып табылады.