Армысыздар, қымбатты кәсіподақ оқырмандары!
“Ақниет” Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алматы қаласындағы филиалы Алтын Жүсіпқызының бастамасымен, кәсіподақ белсенділері Салтанат Парахатқызы және Арман Машетқызымен бірге “Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы” Директорының орынбасары Димаш Бексауытұлы Рүзденовты 55 жас мерейтойымен құттықтап, ізгі лебіздерін білдіріп, қонақ болып қайтты.
“Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы” Алматы қаласындағы ең ірі әрі стратегиялық маңызды және кәсіподақ жұмысында өте белсенді медициналық мекемелердің бірі болып табылады.
“АҚНИЕТ” кәсіподағының атынан тағыда Димаш Бексауытұлын құттықтап, мекемеге тек биік белестерден көрінуге тілектеспіз.