Бiздер үшін бірінші сыныпқа баратын балаларымызды білім күнімен құттықтау игі дәстүрге айналды.
Биылда бірінші сынып оқушысы мектепке арналған сыйлықтар алды.
— Бірінші рет мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін ерекше күн. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, партаға отырып мектепте ерекше қуанышқа бөленеді. “Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың” демекші, біздің кәсіподақ ұйымы 15 жылдан астам Білім күніңе ерекше көзбен қарайды. Қазіргі заманда білімнің орны өте маңызды. Сондықтан, жылда өткізетін акцияның арқасында, алғашқы күнінен бастап балаларға, мектебім – Алтын ұям, екінші үйім деген сезім үялайтына сенімдеміз.
Жанна Сайым — Маңғыстау облыстық филилының төрайымы