“AQNIET” денсаулықсақтау кәсіподағының Құрманғазыдағы кездесуі.
“AQNIET” салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы Атырау облыстық филиалының төрайымы
Мутиева Гулсара Нурмуханбетқызы мен кәсіподақ ардагері
Сарсенова Нұртан Дюсенбайқызы Қазақстанның батыс қақпасы саналатын, облыс орталығынан шалғай жатқан Құрманғазы ауданына барып, Құрманғазы аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуге “AQNIET” бастауыш кәсіподақ ұйымы бар ЖШС Дезинфекция мекемесінің басшысы
Т. Аюпов пен кәсіподақ ұйымдастырушысы
Е. Каниев қатысты.





Ол жерде Ақниет кәсіподағының қазіргі таңдағы жұмыс барысы туралы мультимедиа арқылы мағлұмат берілді.
“Денсаулық” республикалық сауықтыру орталығы жөнінде көп сұрақтар болды. Басқа салалық кәсіподақтарында жоқ “Медадвокат”, “Қорғаумед” жобалары жөнінде толық айтылды.

