“AQNIET” денсаулықсақтау кәсіподағының Құрманғазыдағы кездесуі.
“AQNIET” салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы Атырау облыстық филиалының төрайымы Мутиева Гулсара Нурмуханбетқызы мен кәсіподақ ардагері Сарсенова Нұртан Дюсенбайқызы Қазақстанның батыс қақпасы саналатын, облыс орталығынан шалғай жатқан Құрманғазы ауданына барып, Құрманғазы аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге “AQNIET” бастауыш кәсіподақ ұйымы бар ЖШС Дезинфекция мекемесінің басшысы Т. Аюпов пен кәсіподақ ұйымдастырушысы Е. Каниев қатысты.
Ол жерде Ақниет кәсіподағының қазіргі таңдағы жұмыс барысы туралы мультимедиа арқылы мағлұмат берілді.
“Денсаулық” республикалық сауықтыру орталығы жөнінде көп сұрақтар болды. Басқа салалық кәсіподақтарында жоқ “Медадвокат”, “Қорғаумед” жобалары жөнінде толық айтылды.
Қызметкерлер тарапынан өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде көптеген сұрақтар қойылып, заң негізінде толық жауаптар берілді. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі мен республикалық кәсіподақтар арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған республикалық салалық келісімі және ҚР ДСМ номер 213-ші бұйрығымен таныстырылып, мекеменің жұмыс чатына салынды. Себебі сауықтыру төлемақы берілуі жөнінде көп сұрақтар қойылды. Кездесу барысында қызметкерлер тарапынан қазір өздері құрамында отырған Сенім кәсіподағының жұмысына наразы екендігі айтылып, “AQNIET” денсаулықсақтау қызметкерлері кәсіподағына өткілері келетіндігі жөнінде пікірлерін білдірді.
Кездесуде “AQNIET” салалық денсаулықсақтау қызметкерлері кәсіподағының мүшелігіне өткен жағдайда барлық мүмкіншіліктерді пайдалануға қолдау көрсетілетіндігі айтылды.