25 шілдеде Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханада бастауыш кәсіподақ ұйымының кезекті есеп беру – сайлау конференциясы өтті.
Конференцияның жұмысына Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасының басшысы Берік Каунов және «AQNIET» Қазақстандық деңсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филилының төрайымы Жанна Сайым қатысты. Жиында күн тәртібіне сәйкес бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Тансұлу Қосаяқова есеп беріп, тексеру комиссиясы тиісті жұмысы жөнінде жиналғандарға ақпарат ұсынды. Жиында сөз алған кәсіподақ төрайымы өзінің баяндамасында кәсіподақ ұйымы 2021 жылы 56 мұшесімен құрылып, қазіргі танда қатарында 526 адам бар екенің айтып өтті.
Сондай-ақ, Тансұлу Қосаяқова есеп беру кезінде кәсіподақ тарапынан атқарылған жұмыстар жөнінде, атап айтқанда ұжымдық шарт жасасу, қызметкерлерді сауықтыру шипажайларына, балаларды лагерьге жіберу, марапаттау және мәдени іс шараларды ұйымдастыру мәселелеріне жан жақты тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Бұдан бөлек, бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтылып, оларға заң аясында нақты түсініктер берілді. Сонымен қатар, жиын барысында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты өзара пікір алмасып, өздерінің сауалдарына тұшымды жауаптарын алды.
Жиналыс соңында бірқатар кәсіподақ мүшелері сөз сөйлеп, қайтадан бір ауыздан қолдап сайланған, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Тансұлу Қосаяқова мен алқа мұшелеріне, атқарған жұмыстарына және есебіне алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта кәсіподақ жұмысын жандандырып, одан әрі күшейтуге ықпал ететініне сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU