Халықаралық балаларды қорғау күні
1 маусым, дәстүр бойынша, жыл сайын бүкіл әлемде – Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі.
Жылдағыдай, осы мерекеге орай, биылда «AQNIET» салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалына қарасты бастауыш ұйымдарда мерекелік іс-шаралар өтті.
Ақтау, Жаңаөзен қалаларының медицина орталықтарында балалардың ой-өрісін кеңейтетін ойындар, спорт сайыстары, шеберлік сыныптар, театр қойылымдары, көрмелер ұйымдастырылды. Кәсіподақ ұйымдастырған шараларға аниматорлар шақырылып, «Асфальтқа сурет салу», «Өнерлі балалар сайысы» және командалық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталып, балаларға сыйлықтар,балмұздақтар мен тәтті сусындар таратылды. Мерекелік бағдарлама тәрбиелік бөліммен басталып, түрлі ойындармен, ән мен күймен жалғасын тапты.
Сонымен қатар, Шетпе, Тупқараған, Акшұкыр, Жетібай, Мунайлы, Құрыктан келген Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы қызметкерлерінің балалары облыстық қуыршақ театрына барды. Онда кішкентай көрермендер «Бақытты балалық шақ» атты театрланған көрініс және «Дос болайық» атты спектакльді тамашалады.