«AQNIET» Кәсіподағының Абай облысы филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті
29 мамырда Семей қаласының № 7 емханасында «AQNIET» Кәсіподағының Абай облысы филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Іс-шараға 13-тен астам делегат, кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қатысты.
Филиал төрайымы Сайфутдинова Альфия Рафаиловна бір жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Ол ұйымның жетістіктері мен болашақ жоспарлары туралы мәлімет берді. Делегаттар төрайымды бірауыздан жаңа мерзімге сайлады.
Конференция жұмысын «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібай алғы сөзімен ашып берді. Ол өз сөзінде Кәсіподақ қызметінің маңыздылығын атап, оның негізгі бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ, ұйымның республикалық ауқымдағы ағымдағы жобалары мен бастамалары туралы ақпаратпен бөлісті. Б. Тәжібай Абай облыстық филиалының төрайымын құттықтап, медицина саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда табыс тіледі.
Конференцияда «AQNIET» Кәсіподағының мүшелері: Баирова Бақытгүл Саданқызы (Шүлбі дәрігерлік амбулаториясы ШЖҚ КМК), Ахунжанов Анатолий Алимович (Семей қаласының № 1 емханасы ШЖҚ КМК) және басқалар сөз сөйледі.
Іс-шара сындарлы әрі іскерлік атмосферада өтті. Қатысушылар негізгі мәселелерді талқылап, Кәсіподақ филиалының одан әрі даму жолдарын белгіледі.