Есеп беру және сайлау

«Медицинада жұмыс істеген жылдар ішінде ең пәрменді қоғамдық ұйымдардың бірі – «AQNIET»  денсаулық сақтау кәсіподағының қажеттілігіне ешқашан күмән келтірген емеспін. Теміртау қаласының Денсаулық сақтау ұйымдары бастауыш кәсіподақ төрағалары Кеңесінің төрайымы Татьяна Сахновская — менің сенімді серіктесім. Біз бірлесіп көптеген істерді жүзеге асырамыз, құжаттарды жиі талқылаймыз, дауласамыз, біріне келіссек, біріне келіспей жатамыз. Бұл ретте біздің барлық күш-жігеріміз ұжымның жұмысы үшін жақсы жағдайлар жасауға бағытталған, бұл сайып келгенде халыққа қызмет көрсету сапасына әсер етеді». Мұндай сөздер есеп беру-сайлау конференциясында Теміртау қаласындағы № 1 емхана директорының аузынан шықты.

Өткен бес жылдағы жұмысты қорытындылай келе, Кеңес төрайымы Т. Сахновская кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың еңбегін қорғау мен қауіпсіздігіне, әлеуметтік әріптестік шеңберіндегі жұмысты жетілдіруге, кәсіподақ ұйымдарын нығайтуға және жаңа мүшелерді тартуға баса назар аударылғанын атап өтті.

Айтпақшы, 2019 жылы мүдделі құрылымдар медициналық кәсіподақ қозғалысына бөліске салғаннан кейін, адамдардың Кәсіподақтан кетуі басталды, бірақ жақында «AQNIET»-ке кіру үрдісі байқалды. Бүгінгі таңда Кеңестің құрылымында алты бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді және олардың құрамында 1100-ге жуық адам бар. Мұндай ұйымдастырушылық құрылым, конференция делегаттарының пікірінше, көптеген артықшылықтар береді. Бұл шешім қабылдаудағы жеделдік, қаладан тысқары жерлерге бармай-ақ профилактикалық оқытуды ұйымдастыру, күрделі мәселелерді талқылау кезінде көпшіліктің пікірін ескеру және тағы басқалар.

Әрине, бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының қалалық Кеңесі Теміртау қаласының денсаулық сақтау қызметкерлерін толғандыратын барлық мәселелерді шеше алмады, бірақ Салалық келісім мен ұжымдық шарттардың арқасында есепті кезеңде тек жалақыны екі есе арттыруға мүмкіндік туды. Еңбекті қорғау шығындары өсуде. Түнгі уақытта, мереке және демалыс күндері күндізгі ставкаға сүйене отырып, екі еседен төмен емес мөлшерде ақы төлеу, сондай-ақ ұзақтығы 30 күннен кем емес еңбек демалысын беру кезінде бір айлық жалақы мөлшерінде жәрдемақы төлеу мәселелері шешілді. Егер сандармен айтатын болсақ, онда тексеру комиссиясының есебі ақшаның кәсіподақ бюджетінің жоспарына сәйкес жұмсалғанын және өсім барлық бағыттар бойынша байқалғанын көрсетеді. Қайырымдылық көмек көрсетуге, спорттық іс-шараларға, дәрігерлер мен олардың балаларын сауықтыруға, мәдени-бұқаралық іс-шараларға шығындар өсті. 2023 жылы бұл «AQNIET» кәсіподағының 100 жылдық мерейтойына байланысты болды. Осы маңызды іс-шараны мерекелеу аясында ардагерлермен кездесулер өткізілді, «Үздік кәсіподақ активі», «Үздік техникалық инспектор» атағына байқаулар, спорттық жарыстар және тағы басқа шаралар ұйымдастырылды.

Күн тәртібінде Кеңес Төрағасын таңдау мәселесі де тұрды. Бұл лауазымға бірауыздан Т. Сахновская қайта сайланды.

Конференция жұмысына «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының Қарағанды және Ұлытау облыстары филиалының төрайымы А. Мадиярова мен заңгер В. Бородина қатысты. Вера Александровна жиналғандарға биылғы жылы заңнамалық базада қандай өзгерістер болғандығы туралы ақпарат берді, сұрақтарға жауап берді. Александра Әлімғазықызы Кеңестің жұмысын жоғары бағалап, жаңа құрамға басымдықтарды белгілеп берді. Сонымен қатар, Кәсіподақтың негізгі міндеті медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау және олардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты болып қала беретініне тағы да назар аударды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU