12 мамыр-Халықаралық медбикелер күні!

Бүгін бүкіл әлемде денсаулық сақтау саласындағы медбикелер рөлінің маңыздылығы аталып өтуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау және күтім көрсету персоналының 59 пайызын құрай отырып, медбикелер жалпы денсаулық сақтауды қамтамасыз етуге және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлкен жауапкершілік алады.
📌Алайда, 6 миллионға жуық медбике тапшылығын ескерсек, біз үлкен қиындықтарға тап болып отырмыз. Кадр тапшылығының 89 пайызы табысы төмен және орташа елдерде. Медбикелердің жетіспеушілігі қолда бар кадрлардың шамадан тыс жұмыс істеуіне, кәсіби күйзелістің жоғары деңгейіне және мейірбике кәсібінің тартымсыздығын тудырды.
Бірақ біз сала қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мақсатында, кәсіподақ ретінде, проблеманы талдауға тоқталмаймыз, керісінше шара қолданамыз. Ынтымақтастық арқылы біз көп нәрсені жасай аламыз және жеңе аламыз. Осы бағытта «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ХЕҰ 149 «Мейірбике персоналының жұмыспен қамтылуы және еңбек жағдайлары мен өмірі туралы» Конвенциясын ілгерілету бойынша белсенді қызмет атқаруда.
🙌Медбикелер еңбегін бағалайық және олардың ең маңызды миссиясы денсаулықты қамтамасыз ету миссиясын қолдайық!
💐Мейірбикелерге баға жетпес еңбектері, мейірімділік пен қамқорлық, шыдамдылық пен мамандыққа берілгендіктері үшін алғыс айтамыз! Жылулықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз өздеріңізге екі есе оралсын. Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы
Бақытжан Тәжібай

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU