Халықаралық қоғамдық қызмет көрсету интернационалы (PSI) Атқару комитетінің онлайн отырысы

Бүгін Халықаралық қоғамдық қызмет көрсету интернационалы (PSI) Атқару комитетінің онлайн отырысы өтті.
Күн тәртібінде жұмысшылардың, соның ішінде әлеуметтік, денсаулық сақтау, муниципалдық қызметтер, орталық басқару және коммуналдық қызметтерде жұмыс істейтіндердің жағдайын жақсартуға, құқықтарын қорғауға бағытталған іс-қимыл бағдарламасы талқыланды.
PSI құрамына 30 миллионнан астам қызметкерді біріктіретін 154 елден 700 кәсіподақ кіреді, сонымен қатар «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы да осы ұйымға мүше болып табылады. Ұйым жұмысына «AQNIET» Кәсіподағы белсенді қатысып, халықаралық ұйымның бастамаларын ілгерілетуде.
Кәсіподақ төрағасы – Бақытжан Тәжібай қоғамдық қызмет көрсету интернационалы Атқару комитетінің мүшесі.
PSI Бас хатшысы – Даниэль Бертосса ұйымдастырушылық мәселелер мен саяси оқиғалар туралы кіріспе сөз сөйледі.
Отырыста қаржылық есеп және халықаралық ұйымның болашақ іс-қимылдарының бағыты тыңдалды. Сондай – ақ, жеке мәселелер бойынша Ян Виллем Гудриан – қоғамдық қызмет Федерациясының (EPSU) еуропалық Интернационалының Бас хатшысы сөз алды, отырыстың модераторы PSI Президенті Бритта Леон болды.
Осындай көшбасшылар және белсенді қатысушылармен ұйым өз мүшелерінің мүддесі үшін тиімді әрекет етуді жалғастырады, бұл әлемді барлық жұмысшылар үшін әділ және қауіпсіз етеді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU