КЕЗЕКТІ КЕРЕКТІ СЕМИНАР

Осыдан бір ай бұрын Жетісу облысының орталығы – Талдықорған қаласында, “AQNIET” кәсіподағы филиалының командасы ұйымдастырған семинарда, Жаркент аудандық аурухана ұжымынан келген делегацияға семинар тақырыбының ұнағаны соншалықты, кәсіподақ комитеті лектор: ҚР ДС министрлігі және Мәжілістің денсаулық сақтау саласындағы заң жобаларын қарастыратын жұмыс тобының қоғамдық Кеңес мүшесі, ,,Qorgaumed” құқық қорғау ұйымының үйлестірушісі-
Д.Нұрсапаға аудандық ауруханаға келіп дәріс беруін сұраған еді.
Филиал және Дәурен Сайрамғазыұлы тарапынан құқықтық білімін жетілдіремін деген “AQNIET” кәсіподағына мүше әріптестеріміздің талабын қанағаттандырып, жазиралы Жаркент өңірінде кезекті үлкен семинар өткіздік.
Шара басында филиал төрағасы Асан Шалтабаев филиалда, “AQNIET”Орталық Кеңесінде атқарылып отырған жұмыстарға және Бағдарлама, жоспар бойынша алға қойған мақсаттарына тоқталып, аудиториядан түскен сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Қатысушылар алған дәріске шабыттанып, қонақтарға жүрек жарды ақ тілектерін білдірді.
“AQNIET” кәсіподағы, альтернативті(сары) кәсіподақтар сияқты жұмыстарын орындалмайтын үәдемен емес, нақты істерімен, өзінің медицина қызметкерлерінің нағыз қорғаушысы, қиын-қыстау кезеңдерде көмек қолын созып, демейтін Кәсіподақ деп толығымен айта алады.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU