«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы» Алматы филиалы өкілдерінің «Балқаш орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК кәсіподақ активімен маңызды кездесуі өтті

⚜️Бүгін Алматы облысы Балқаш ауданында «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы» Алматы филиалы өкілдерінің «Балқаш орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК кәсіподақ активімен маңызды кездесуі өтті.
👉Филиал төрайымы А. Даутова және қоғамдық қорғаушы Д. Нұрсапа Кәсіподақ қызметі туралы ақпараттық презентация ұсынып, еңбек жағдайларына, әлеуметтік кепілдіктер мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің құқықтарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Бас дәрігер Қамар Сламханқызы Ибраимова да осы кездесуде сөз сөйледі. Қатысушылар жұмыс ортасы мен пациенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған үздік тәжірибелермен алмасты.
🙌Мұндай кездесулер кәсіподақ қызметін қолдауда және медицина қызметкерлері үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға жәрдемдесуде маңызды рөл атқарады. Екі тарап өкілдерінің бірлесіп қатысуы серіктестік қатынастарды дамытуға және денсаулық сақтау қызметкерлерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша тиімді шешімдер іздеуге ықпал етеді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU