Біздің күш жігеріміз денсаулық сақтау саласындағы әділ және лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған
«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қолдайды!
Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да әлеуметтік әріптестермен салалық келісімдерге қол қойылғаннан кейін «AQNIET» Кәсіподағы құжаттарды «ӘДІЛЕТ» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтына тұрақты түрде орналастырады.
Бұл келісімдер 2023-2025, 2020-2022 және 2017-2019 жылдар кезеңдерін қамтиды және ҚР Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 8-ші
тармақшасына және 154 бабының 2-тармағына сәйкес міндетті түрде орындау үшін құқықтық актілер болып табылады.
Келісімдерге сілтемелер:
1. 2023-2025: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/D23RR0000_1/info
2. 2020-2022: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/D20RR000001
3. 2017-2019: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/D17RR000001/links
Бұл құжаттар Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы еңбек қатынастарын реттеуде шешуші рөл атқарады және біздің күш жігеріміз денсаулық сақтау саласындағы әділ және лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған!