ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ, ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК, КЕЛІССӨЗДЕР

«AQNİET»  Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ағымдағы жылдың 1 наурызында ZOOM платформасында бейнеконференцбайланыс режимінде денсаулық сақтау ұйымдарында ұжымдық шарт жасасу тәртібі туралы әдістемелік ұсынымның жобасын талқылау бойынша вебинар ұйымдастырды.

Вебинарға «AQNİET»  Кәсіподағының филиалдары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 42-ге жуық төрағалары қатысты.

Кәсіподақтың заң бөлімінің меңгерушісі Е. Бүркітбаев «Ұжымдық шарт жасасу технологиясы» презентациясымен сөз сөйлеп, Ұжымдық шарт жасасудың негізгі («табысқа жетудің 7 қадамы») тұстарын кезең-кезеңімен түсіндіріп:

  • ұжымдық шарт жасасуға негіз;
  • ұжымдық келіссөздер жүргізу тәртібі;
  • ұжымдық шарт жобасын құру;
  • ұжымдық келіссөздер барысында туындайтын келіспеушіліктерді шешу;
  • ұжымдық шартқа қол қою және тіркеу;
  • ұжымдық шарттың орындалуын бақылау;
  • ұжымдық шартты орындамағаны үшін жауапкершілік атты маңызды мәселелер қарастырды.

Вебинар тыңдаушылардың қызығушылығын тудыртып, қатысушылар көптеген өзекті сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

НОВОСТИ

ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР

В Тургеньском ущелье на берегу горной реки удобно разместился наш Оздоровительный реабилитационный центр “Денсаулық”. Здесь, среди гор на берегу реки, вы сможете провести незабываемый отдых, подышать чистейшим воздухом, насладиться тишиной, пением птиц, полюбоваться прекрасной природой. www.spaturgen.kz

[democracy id=”3″]

[democracy id=”2″]

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ

Управление общественного здравоохранения города Нур-Султан
Акимат г. Нур-Султан
Министерство здравоохранения РК
Международная Организация Труда
"Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников здравоохранения" г. Нур-Султан
Public Service International
EPSU