Кезекті көшпелі семинар өтті

2022 жылғы 9 желтоқсанда Шымкент қаласы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының, кәсіпорындары мен мекемелерінің басшылары, заңгерлері, кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, оның ішінде Түркістан облысының «Торабтық аурухана» өндірістік кооперативі үшін «МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ІС ЖҮЗІНДЕ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?» тақырыбына «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы филиалы семинар өткізді.

Дәріскер ретінде «Құқықтық қорғау және заң қызметтерін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының мүшесі, заңгер Гүлнұр Керейқызы Қойшыбекова және медицина қызметкерлері құқықтарын қоғамдық қорғаушы, медициналық қоғамдастық тәуелсіз консалтингінің директоры Дәурен Сайрамғазыұлы Нұрсапанов қатысты.

Семинар жұмысына Шымкент қаласының 36 денсаулық сақтау ұйымынан 98 тыңдаушы қатысты.

Семинар барысында медицина қызметкерлерінің құқықтарын бұзу жағдайлары талқыланып, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Тыңдаушылар семинардың ақпараттылығын және қаралған мәселелердің практикалық құндылығын атап өтті.

Кәсіби өсу мен нәтижелі жұмыс үшін «AQNİET» Кәсіподағы  кәсіподақ активінің біліктілігін тұрақты негізде арттырып отырады, өйткені кәсіподақ қызметкері мен белсендісін даярлау сапасына өз мүдделерін сеніп тапсырған қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша қызметінің сапасына тікелей байланысты.

«AQNİET» Кәсіподағының  Маңғыстау облысындағы филиалы осы тақырып бойынша келесі аптада Ақтау қаласында семинар өткізуді жоспарлап отыр.

НОВОСТИ

ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР

В Тургеньском ущелье на берегу горной реки удобно разместился наш Оздоровительный реабилитационный центр “Денсаулық”. Здесь, среди гор на берегу реки, вы сможете провести незабываемый отдых, подышать чистейшим воздухом, насладиться тишиной, пением птиц, полюбоваться прекрасной природой. www.spaturgen.kz

[democracy id=”3″]

[democracy id=”2″]

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ

Управление общественного здравоохранения города Нур-Султан
Акимат г. Нур-Султан
Министерство здравоохранения РК
Международная Организация Труда
"Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников здравоохранения" г. Нур-Султан
Public Service International
EPSU