24-25 қараша аралығында кәсіподақ активінің көшбасшылары үшін семинар өтті

Ағымдағы жылдың 24-25 қараша аралығында кәсіподақ активінің көшбасшылары үшін «Кәсіподақтағы іс жүргізудің негізі», «Кәсіподақ қызметіндегі өзекті құқықтық мәселелер», «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру» және «Келіссөздердің медиативтік дағдылары» тақырыптарында семинар өтті.

Семинарды Кәсіподақ төрағасы Бақытжан Тәжібай ашты. Ол бүгінгі таңдағы Кәсіподақтың рөліне, Кәсіподақ алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, семинарға қатысушыларға нәтижелі жұмыс тіледі.

Семинар барысында істер номенклатурасын қалыптастыру, бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын жоспарлау, хаттамаларды, кәсіподақ жиналыстарының шешімдерін ресімдеудің дұрыстығы, іс қағаздарын жүргізу, кәсіподақ мүшелерін есепке алу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, келесі мәселелер қозғалды:

* әлеуметтік әріптестікті құқықтық реттеу;

* бас, салалық және өңірлік келісім;

* ұйымдық-құқықтық нысандардың ерекшеліктері;

* ұжымдық шарт;

* еңбекті қорғау;

* ҚР-дағы өндірістік жарақаттану динамикасы;

* ҚР өндірістік сырқаттанушылық деңгейі және тағы басқалар.

Келіссөздердің медиативтік дағдылары бойынша қатысушылар келіссөздер мен медиация процесі, медиатордың техникасымен танысып, эмоционалдық жағдайды бақылау әдістерін игерді.

2023-2025 жылдарға арналған жаңа Салалық келісімнің жобасын талдауға және енгізуге қалыптасқан өткір әлеуметтік-экономикалық проблемалар бойынша медицина қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнаманы,  Кәсіподақ органдары мен кәсіподақ мүшелерінің ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып, 2023-2025 жылдарға арналған жаңа Салалық келісімнің құрылымын жетілдіру бойынша ми шабуылы ұйымдастырылды.

Семинар барысында қатысушылар тарапынан қызмет барысында туындайтын көптеген өзекті сұрақтарға жауаптар беріліп, семинар жұмысы ұйымдастырушылар мен қатысушылар арасындағы пікір алмасумен аяқталды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU