Отбасылық Спартакиада

«AQNİET» Кәсіподағы Талдықорған филиалының(ТФ) Атқару комитетінің Қаулысы негізінде облыс көлемінде үлкен дүбірлі отбасылық Спартакиада өтті. Аудандардан 5 команда, Текелі қ-сы 1 және Талдықорған қ-нан 4 команда жарысқа белсенді қатысты. Жарыс өте тартысты, қызық, жанкүйерлер әрдайым өздерінің спортшыларын қолдап отырды. Бәсекелесті жарыстың жеңімпазы болып Алакөл ауданы, Қабанбай ауылдық аурухананың “Алғырлар” командасы бас жүлде – автоматты кіржуғыш машинасын, ll орын Панфилов аудандық аурухана”Сұнқар” – смарт теледидар, Ill орын Текелі қалалық ауруханасының “Арыстан” командасы – қысқатолқынды пешке ие болды. Жарысқа қатысқан қалған командалардың бәріне жұбату сыйлықтар – соңғы үлгідегі үтік пен балаларға доп берілді. Спартакиаданы бұқараға тарату үшін “Жетісу” ТВ мен “Жәрдем” газетінің тілшілері шақырылды. «AQNİET» ТФ бізге жәрдемдескен медколледж әкімшілігіне алғысын білдіреді. Жарыс мақсаты орындалды деп айтуға болады, өйткені спортшылардың дене шынықтыру мен спортқа деген сүйіспеншіліктері артып, аудан, қалалардағы денсаулық сақтау қызметкерлерінің арасында достық қарым-қатынас спорт арқылы нығайды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU