Атырау қалалық №3 емханасының медицина қызметкерлерімен кездесу

Орталық Кәсіподақ Кеңесінің органайзинг жоспарына сәйкес, Атырау қалалық №3 емханасында бөлім меңгерушілері, дәрігерлер, фельдшерлер, аға мейірбекелер, әкімшілік қызметкерлері және жедел жәрдем бекетінің қызметкерлері қатысқан жиналыс болды. Кездесуге 80-нен астам қызметкерлер қатысты.

«AQNİET» Атырау облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Н.Д. Сарсенова 100 жыл – бір ғасырлық тарихы бар кәсіподақтың қызметкерлердің құқығы мен әлеуметтік жағдайларын жақсартуда жеткен жетістіктері туралы кеңінен тоқталды. Ең бастысы, «AQNİET» Кәсіподағының атқарып жатқан жұмыстары, алдағы жоспарлары мен мақсаттары ашық жарияланып, көпшілікке әлеуметтік желілер арқылы да айтылып отырады. Орталық Кәсіподақ Кеңесінің төрағасы, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің алқа мүшесі, ҚР денсаулық сақтау және еңбек министрліктерінің қоғамдық кеңесінің мүшесі Бақытжан Тәжібай өзі де медицина қызметкерлерімен үнемі  байланыста. Кәсіподақтың “Медицина адвокаты” да барлық кәсіподақ мүшелеріне қолжетімді.

Өткен жылдары “Денсаулық” сауықтыру оңалту орталығында дем алған, емхананың бір топ дәрігерлері сағынышты көңілмен еске алып, ризашылықтарын білдірді.

Ардагер дәрігер К.О. Жасақбаева өткен кезде облыстық Кәсіподақ комитетінің төрайымы ұжымға жиі келетінін, мәдени көпшілік шараларға қатысып, ұжым мүшелерімен бірге болатынын айтты. Сондай бір Наурыз мерекесін тойлағанда, алғашқы немересі Еламанның тұсауын ырымдап, Нұртан Дүйсенбайқызына кестіргенін еске түсірді. Сол Еламан қазір төртінші сынып оқушысы. Қазір ондай кездесулер жоқ. Ардагер дәрігердің сөзін акушер-гинеколог Пернебеков Иман Серікбайұлы жалғастырып жіберді. Дәрігер кездесуден көп мағлұмат алғанын айтып, облыстық кәсіподақ өкілдерінің ешқашан ұжым мүшелерімен осындай кездесулер өткізбейтінін сөзге тиек етті.

НОВОСТИ

ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР

В Тургеньском ущелье на берегу горной реки удобно разместился наш Оздоровительный реабилитационный центр “Денсаулық”. Здесь, среди гор на берегу реки, вы сможете провести незабываемый отдых, подышать чистейшим воздухом, насладиться тишиной, пением птиц, полюбоваться прекрасной природой. www.spaturgen.kz

[democracy id=”3″]

[democracy id=”2″]

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ

Управление общественного здравоохранения города Нур-Султан
Акимат г. Нур-Султан
Министерство здравоохранения РК
Международная Организация Труда
"Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников здравоохранения" г. Нур-Султан
Public Service International
EPSU