Бүгін “Нұр Отан”партиясы Павлодар аудандық филиалының базасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен кездесу өтті.

Бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылауға және өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасасуға “Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар облыстық филиалы, “Замандас” ардагерлер клубы, кәсіпкерлерге көмек көрсету республикалық орталығы, “Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ және т. б. сияқты қоғамдық бірлестіктер ниет білдірді.

Қоғамдық бірлестіктердің мақсатты аудиториясы бар және олармен тығыз өзара іс-қимыл бізді халыққа жақындатар еді. Өйткені, олар халықтың осы бөлігінің мәселелерін, сұраныстарын, күтулерін біледі.

Талқылау барысында бірлескен іс-шараларды өткізу жөнінде әртүрлі идеялар ұсынылды.

“Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы А.С. Темірбаев жоспар тармағын толықтыру туралы ұсыныс енгізді. Өйткені санитарлық қызметте бұрын еңбек атқарған қызметкер үшін қызылшаға қарсы екпе жасау, екпеден бас тарту туралы мәселелерді атап өтпеу мүмкін емес. Өзекті мәселе туралы ұсыныс бірлескен жоспарға енгізілетін болады.

Дөңгелек үстел соңында басқарма мен қоғамдық бірлестіктер арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасу туралы шешім қабылданды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өткен кездесуге қанағаттанушылық білдіріп, осындай жұмыстарды жалғастыруға ниет білдірді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU