ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы (бұдан әрі – Кәсіподақ) өз мүшелерінің еңбек, кәсіптік және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылған тәуелсіз, дербес қоғамдық бірлестік болып табылады.

Қазіргі уақытта Кәсіподақ 13 облыстық және 3 (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында) аумақтық филиалдарды біріктірген еліміздегі ең ірі салалық кәсіподақтардың бірі болып табылады.

Кәсіподақ стратегиялық міндеттерді іске асыру үшін әлеуметтік әріптестік шеңберінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен өзара іс-қимыл жасасады. Мемлекеттік органдардың әртүрлі құрылымдарының жұмыс топтарына және қызметіне белсенді қатысады (ҚР ДСМ алқасы, ҚР ЕХӘҚМ қоғамдық кеңесі, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қоғамдық-консультативтік кеңесі, Үкіметпен Бас келісімді дайындау жөніндегі жұмыс тобы, ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік Кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы, ҚР ЕХӘҚМ өндірістегі жазатайым оқиғалар жөніндегі жұмыс тобы), сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің республикалық қоғамдық кеңесінің және негізгі міндеттерінің бірі ХЕҰ №131 Конвенциясын ілгерілету және ратификациялау болып табылатын YNTYMAQ үйлестіру кеңесінің құрамына кіреді.

«БҰҰ – Әйелдер», «UNICEF» сияқты үкіметтік емес ұйымдармен және халықаралық құрылымдармен тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырамыз. Біз өз қызметімізде кәсіподақтар әлеуметтік-экономикалық мандаты кең, ірі, ұйымдасқан және ресурсты азаматтық қоғам институтына жатады деген принципті ұстанамыз.

Кәсіподақ жақын және алыс шетелдердің кәсіподақтарымен ынтымақтастықта және келесі ұйымдарға мүше болып табылады:

– Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақтарының халықаралық конфедерациясы (МКПРЗ);

– Қоғамдық қызмет көрсету интернационалы (PSI);

– Қоғамдық қызмет көрсету кәсіподағының еуропалық Федерациясы (EPSU).

Халықаралық еңбек ұйымының (ILO) және халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының (МКП) өкілдерімен тығыз достық іскерлік қарым-қатынаста.

 Кәсіподақ және оның облыстық (аймақтық) филиалдарының басшылары

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU