Еліміздің тәуелсіздік мерекесіне байланысты салтанатты шара өткізілді

Еліміздің  тәуелсіздік мерекесі қарсаңында,  15 желтоқсан күні, Ақтөбе қаласының ең ірі және бетке ұстар, 65 жылдық тарихы бар  №2ші емханасында атаулы мерекеге байланысты салтанатты шара өткізілді. Жыл бойы  істелген қызметтер  қорытындыланып, үздік мамандар марапатталды. Салтанатты шараға ҚР денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің  Аqniet кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Лаура Жазықова қатысып , кәсіподақтың бүгінгі күнгі  жасап жатқан  маңызды  іс шаралары мен шешімін куткен өзекті мәселелері туралы айтып өткен соң, әріптестерін құттықтап,  орталық Кеңестің  төрағасы Бақытжан Тәжібайдың  атынан белсенді де кәсіби шеберлігі жоғары мамандарға Құрмет Грамоталары мен бағалы силықтарын табыс етті.Сонымен қатар, қала тұрғындарына ұзақ жылдар бойы заманауи, сапалы қызмет көрсетіп, халықтың ризашылығына бөленіп жүрген  жоғары санатты дәрігер Ләззат Байтлеуова, медбикелер Татьяна Зиганшина, Ақжуніс Табановаларға облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова ханымның  Алғыс Хатын,  білікті мейірбике  Бөлекбаева Сәуле мен дәрігер Қожахметова Айгулге Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі Айбек Купеновтың Алғыс Хаттарын табыс етіп, силықтарын жеткізді. Емхананың бас дәрігері Қайырбек Насырұлы мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әшім Оқапұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустем Исаевтың атынан және өз тараптарынан  ұжымның үздік қызметкерлерін марапаттап,ризашылықтарын  білдірді.

Осындай  мерекелік шара отбасылық Медеткер амбулаториясында да өткізілді. Жиын еліміздің Гимнын орындаудан басталды. Бас дәрігер Жаухар Қалменова аяқталып келе жатқан жылды қорытындылап,  еңбектері оңынан бағаланғанын мақтанышпен айтып өтті.  Жиынға арнайы келген Республикалық  Аqniet  кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Л.Жазықова ұжым  мушелерін құттықтап, ең  уздік қызметкерлерге марапаттарын тапсырып, алдағы уақытта да әрқашан мамандар биіктен көрініп, абыройлы еңбектері лайықты бағалансын деп тілек білдірді.

НОВОСТИ

ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР

В Тургеньском ущелье на берегу горной реки удобно разместился наш Оздоровительный реабилитационный центр “Денсаулық”. Здесь, среди гор на берегу реки, вы сможете провести незабываемый отдых, подышать чистейшим воздухом, насладиться тишиной, пением птиц, полюбоваться прекрасной природой. www.spaturgen.kz

[democracy id=”3″]

[democracy id=”2″]

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ

Управление общественного здравоохранения города Нур-Султан
Акимат г. Нур-Султан
Министерство здравоохранения РК
Международная Организация Труда
"Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников здравоохранения" г. Нур-Султан
Public Service International
EPSU