«AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Лаура Жазықованың Алқа отырысында сөйлеген сөзі:
Қайырлы күн, құрметті әріптестер!
Біздің Кәсіподақ – өздеріңізге белгілі, қашанда азаматтық қоғамның толыққанды мүшесі және мемлекетімізде болып жатқан барлық игілікті іс шаралардың белсенді атсалушысы, медицина саласы қызметкерлерінің шынайы жанашыры ретінде танымал. Тәуелсіз ел болғалы 30 жыл ішінде атқарушы билік тарапынан да, сенім білдірген кәсіподақ мүшелері тарапынан да наразылық немесе ескерту алмастан, Жарғыда көрсетілген міндеттерімізді адал, қағидаларға сай жургізіп келеміз.
Өкінішке орай, белгілі себептермен 2018 жылы денсаулық сақтау саласындағы мекемелер қызметкерлері әкімшілік ресурстардың көмегімен, арнайы құрылған «Сенім» кәсіподағына өткізілді.
Бұл бұрын соңды болмаған, халықаралық және еліміздің Ата Заңынан бастап барлық құқықтық нормаларын өрескел бұза отырып жасалған шара болды. Нәтижесінде облысымыздағы 20 мыңнан астам Кәсіподақ мүшелерінен екі-үш айдың ішінде екі-үш қана мекеме қызметкерлері қалған күн де болған.
Енді міне, арада үш жыл өткен соң әр кәсіподақ мүшесі осы екі кәсіподақтың арасындағы айырмашылықты байқаған болар. Ең негізгі айырмашылық – ол нағыз Кәсіподақ мереке тойларды өткізуші емес, әлеуметтік әріптестікті жүйелі түрде жолға қойып, Кәсіподақ мүшелерінің қолайлы, қауіпсіз еңбегі мен әл-аухатының көрсеткіші -жалақы мөлшері әділетті, жасаған еңбегіне сай болуын қамтамасыз етуші орган болуы керек. Ал осы әлеуметтік –экономикалық мәселелердің егжей-тегжейін Еңбек Кодексі, әдейі, әр саладағы үш жақты комиссиялардың құзырына беріп, Салалық келісім шарттар арқылы реттейтінін ескерсек, республика бойынша осы жұмысты жүйелі түрде, ретімен жүргізіп келе жатқан біздің «AQNİET» Кәсіподағы.
2018 жылғы қазан айында өткізілген үшжақты комиссияның отырысында Министрлік тарапынан біздің Салалық келісім шартты көшіріп алып, әлеуметтік серіктес болуға ұмтылған «Сенім» кәсіподағына тоқтау айтылып, іс-шараларын бір ай ішінде заңдастыру керектігі ескертілген. Әлі күнге дейін «Сенім» нақты жұмыстың орнына сол көшіріп алумен айналысуда.
Құрметті әріптестер! Осы жылдың күзінде жоғарыда айтылған денсаулық сақтау саласының негізгі әріптестік құралы – үшжақты комиссия үш жылдан соң өз жұмысын қайта бастады!
Бүгінгі қолданыста жүрген 2020-2022 жылдарға арналған және 2021 жылдың 23 қаңтарында қол қойылған Қосымша келісім Денсаулық сақтау министрлігі мен «AQNİET» Кәсіподағының негізгі әлеуметтік әріптестік құжаты болып табылады. Ал «Сенім» кәсіподағы өз тарапынан оған қосылуды заңдастыруы тиіс.
Құрметті әріптестер! Бүгінгі, әлемде пандемия індеті бел алған, сын сағатта қордаланған мәселелер ұшан теңіз. Індетпен негізгі күресуші медицина қызметкерлерінің жанқияр еңбегіне тиесілі арнайы Ковид қосымшасының азайтылуы, жылдар бойы іскерлік шеберліктерін ұштаған біліктілік категориясының қосымшасын алып тастау, ПТР тестілерін өз есебінен төлету, кәсіби жаңылыс жағдайын қауіпсіздендіру, дәрігерлерге қарсы әкімшілік және қылмыстық істердің көбеюі, жаппай цифровизацияға байланысты каншама кезек күттірмейтін мәселелер бар.
Медицина қызметкерлерінің арқалаған ауыр жүктерін жеңілдетіп, аталған мәселелерді шешу жолында «AQNİET» барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, жұмыс жасаудамыз.
Соңғы жарты жылдықта өте маңызды екі үлкен жоба қолданысқа енгізілді. Олар – «Жалақы калькуляторы» – қызметкерлер өз жалақысын сайтта орналасқан арнайы есептеуішпен есептей алады.
Екінші жоба – «Медициналық адвокат» – дәрігерлер, немесе мекеме басшыларына қарсы қылмыстық т.б іс ашылып, қудалау болған жағдайларда қандай шаралар қолдану керектігі өте қарапайым тілмен егжей-тегжейлі түсіндірілген, қосымша жәрдем телефонының номері көрсетілген әдістеме.
Рүстем Қанапияұлы, Сізге осы жобаларды барлық әріптестерге қолданысқа беру туралы ұсыныс түсіргенбіз, жауап ала алмадық – әлде бізде мұндай жағдайлар болмайды деген ой бар ма?
Атыраулық әріптестер туралы білесіздер, ал біздің БҚМУ түлегі, белгілі жас ғалым гепатолог-трансплантолог Ғани Құттымұратов қиын жағдайға душар болғанда «Сенім» емес «AQNİET» көмек болғанын айта кетсек болады.
Иә, жасалып жатқан жұмыстар өте көп!
Өкініштісі – демократиялық өзгерістерге сенген әріптестеріміз заң шеңберінде «AQNİET» ауысуға тілек білдіргенде «Сенім» кәсіподағының Ақтөбе филиалы бұрынғы үрдісімен ішкі ісімізге араласып, шу көтеріп, жала жауып, біздің Кәсіподақты қаралап, жазбаша жалған ақпарат таратқан.
Тіпті «AQNİET» мүшелікке кірсеңіз – кәсіподақ қорғауынан айырыласыз, кәсіподақ қаржысы талан таражға түсу қаупі бар» дегенге дейін барған. Бұл абыройлы, 100 жылдык тарихы мен тәжірибесі бар, кезінде 300 мыңнан артық, бүгінгі күні 90 мыңдай мүшесі бар үлкен ұйымның еңбегін, кәсіби деңгейі мен іскерлік қабілеттерін дискредитациялау болып табылатын қылмыс емес пе?
Сондықтан мұндай арамза әрекеттерге тосқауыл қойылуы керек және Сіздер шындықты білулеріңіз керек. Біздің «AQNİET» Кәсіподағы жоқ емес, бар, абыройлы істерін жалғастыруда. Қалалық №2 ші емхана толығымен біздің Кәсіподаққа өткені туралы қуанышпен бөлісе аламын. Сіздерді, Сіз басқаратын мекемелер қызметкерлерін өз қатарымызға алып, бірлесе қызмет етуге дайынбыз!

НОВОСТИ

ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР

В Тургеньском ущелье на берегу горной реки удобно разместился наш Оздоровительный реабилитационный центр “Денсаулық”. Здесь, среди гор на берегу реки, вы сможете провести незабываемый отдых, подышать чистейшим воздухом, насладиться тишиной, пением птиц, полюбоваться прекрасной природой. www.spaturgen.kz

[democracy id=”3″]

[democracy id=”2″]

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ

Управление общественного здравоохранения города Нур-Султан
Акимат г. Нур-Султан
Министерство здравоохранения РК
Международная Организация Труда
"Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников здравоохранения" г. Нур-Султан
Public Service International
EPSU