«AQNIET» Кәсіподағының ғасырлық шараларына орай

ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, «AQNIET»Кәсіподағының ғасырлық шараларына орай, Атырау қалалық Геолог емханасында кездесу өтті.
Сұқпат барысында, ұжым мүшелері жікке бөлінбей, татулықта, бірлікте жұмыс жасау қажет екендігі тұралы айтылды. Себебі, халық денсаулығын қорғау – ортақ жауапкершілік.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы – Н. Д. Сарсенова еңбектегі жетістіктері мол,
қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан «AQNIET»Кәсіподағының мүшелерін марапаттады.
💫Олар: Д. М. Конурова, Н. С. Есқайырова, Г. М. Құрманова, Б.Р. Имантаев, А. Талғатқызы
Емхана директоры М. Қ. Өтегалиева өз кезегінде марапаттаушыларды құттықтап, кәсіподақ ұйымына табыстар тіледі .