100 жыл біргеміз

AQNIET- ке жыл!
Еліміздің денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіподақ құрылымының негізін қалаушы, біздің кәсіподағымыздың кемеңгер қайраткерлерінің сара жолын жалғастырушы AQNIET болып табылады.
Мерейлі жасқа арналған көптеген іс-шаралар Алматы,Жетісу филиалында(ары қарай – филиал) және Республика бойынша АQNIET-ке қарасты кәсіподақ ұйымдарында кеңінен аталып өтті.
2018-19жж. әділет пен шындықты іздеп шырылдағанымыз үшін альтернативтік кәсіподақ бізге ‘оппозиция’ атын тіркеп қойған болатын.
Әкімшілік-командалық қысым арқылы, қатарымыздағы кәсіподақ мүшелерін алдап-арбау, қысым көрсете отырып бөлшектеген де уақыт болды.
Сол қиын-қыстау кезеңде, өзінің азаматтық ұстанымымен ұжымның болашағын ойлаған және атқарып жатқан адал істерімізді қолдаған әлеуметтік серіктестер – медициналық мекемелердің басшыларына алғысымыз шексіз.
Филиалдың Атқару комитетінің 15 қыркүйек N 9/19 қаулысына сәйкес, ұзақ жылдар бойы кәсіподақ қозғалысының өркендеуіне, қатарының артуына үлес қосқан кәсіподақ белсенділеріне және әлеуметтік серіктестерімізге филиал, Орталық кеңес атынан Алғыс хат, Құрмет грамотасы, төс белгі, бағалы сыйлықтар тарту етілді.
“AQNIET” кәсіподағы құрамындағы еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғай келе, денсаулығы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруын басты назарда ұстайды.
АҚНИЕТпен бірге болайық, біздің күшіміз бірлікте!