Ақтөбе облыстық филиалы кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған арнайы кәсіби бірлестігінің құрылғанына 100 жыл толуына байланысты іс шаралар шеңберінде мерекелік кездесу өткізді

Қазақстандық денсаулық сақту саласы
қызметкерлерінің АҚНИЕТ КӘСІПОДАҒЫ
1қараша, сәрсенбінің сәтті күні Қазақстандық денсаулық сақту саласы қызметкерлерінің Aqniet Кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған арнайы кәсіби бірлестігінің құрылғанына 100 жыл толуына байланысты іс шаралар шеңберінде мерекелік кездесу өткізді.
Бұл кездесуге өңірімізде салалық кәсіподақ қозғалысың нығайып, өркендеуіне зор улес қосқан, әлі күнге дейін көштен қалыспай, жас мамандарға үлгі өнеге болып жүрген ардагерлер шақырылды. Кәсіподақтың облыстық филиалының төрайымы Л.Жазықова құрметті қонақтарды мерейтойға байланысты құттықтап, өткізілген іс шаралар туралы баяндап берді.
«Ғасырлық тарихы бар Aqniet кәсіподағы өткен жолында болған шарықтау мен құлдырау, тосқауылдар мен қиындықтарға мойымай, азаматтық қоғамда өзіндік орны бар танымал ұйым және – салалық министрліктің негізгі әлеуметтік серіктесі болып қалыптасты.Ерекшее атап өтсем,Кәсіподақ мерейтойы шеңберінде он екі елдің кәсіподақ көшбасшыларының қатысуымен екі маңызды халықаралық форум «Медицина саласындағы қауіпсіз еңбек мәселесі» және «Медицина саласындағы құқықтық өзекті мәселелерді шешу жолдары туралы» семинар өткізілді. Талқылау барысында көптеген жаңа идеялар туындап,нақты ұсыныстар айтылды.Кәсіподақтың өткені мен бугінгі жағдайы, жоспарлар мен бағыттар айқындалды Сіздер жасаған игілікті істерді біз адал жалғастырып келеміз,өткенді ұмытуға болмайды»деді төрайым..
Ардагерлерге арнап дастархан жайылып, Ұлттық тағамдар мен сусындар ұсынылды, Ұзақ жылдар бойы қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, кәсіподақ көшбасшысы болған ардагер дәрігерлер Сауле Успанова, Сағынғали Тәженов, Тыныштық Аяхметова, Нуркен Мұнайтбасов, Қайырбек Тухтаровтарға Кәсіподақтың марапат қағаздары мен арнайы сыйлықтары – мерекелік төсбелгі мен естелік кітап, «Денсаулық» сауықтыру орталығына жолдамалар тапсырылды.Ардагерлер ақыл-кеңестерін, пікілерін айтып, ризашылық білдіріп, ақ баталарын беріп тарқасты.
Ақтөбе облыстық филиалы Л.Жазықова