Қызылорда және Тараз қалаларының медицина қызметкерлері «АQNİET» Кәсіподағымен бірге

2023 жылғы 7 және 9 ақпанда «АQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы заңгерлер, кадр қызметінің мамандары, сондай-ақ жеке денсаулық сақтау секторының қызметкерлері үшін Қызылорда және Тараз қалаларында «Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бойынша практикалық ұсынымдар» тақырыбына семинар ұйымдастырды.

Семинарда заңгер, «Құқықтық қорғау және заң қызметтерін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының мүшесі Гүлнұр Керейқызы Қойшыбекова мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қоғамдық қорғаушы, медициналық қоғамдастықтың тәуелсіз консалтингінің директоры Дәурен Сайрамғазыұлы Нұрсапанов дәріс оқыды.

Семинар барысында медицина қызметкерлерінің құқықтарының бұзылуына байланысты жағдайлар талданып, медицина қызметкерінің жұмыс орнында туындайтын даулы жағдайлардың түрлері қарастырылды. Қатысушылар еңбек заңнамасындағы және еңбек дауларын шешу жөніндегі сот практикасындағы жаңалықтар туралы пайдалы ақпарат алып, медицина қызметкерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді қолданудың практикалық ұсыныстарымен танысты.

Ұсынылған ақпараттың практикалық маңыздылығы мен құндылығын атап өтіп, алған білімдері мен медицина қызметкерлерін құқықтық қорғауды ұйымдастыру бойынша дағдыларды игеру мүмкіндігі үшін семинар қатысушылары дәріскерлерге алғыстарын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, оқыту «AQNİET» кәсіподағында тұрақты негізде жүзеге асырылады. Ертең 15 ақпанда кәсіподақ активі үшін «Кәсіподақ қызметіндегі өзекті құқықтық мәселелер» (ұжымдық шарттарды әзірлеу және қабылдау) тақырыбына онлайн-семинар өтеді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU