Ақмола облысының кәсіподақ активімен кездесу жалғасуда

2023 жылғы 12 қаңтарда «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының (бұдан әрі – Кәсіподақ) төрағасы Бақытжан Тәжібай «Атбасар көпсалалы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру және сайлау жиналысына қатысты. Жиналыста үш негізгі мәселе қаралды: бастауыш кәсіподақ ұйымының өткен кезеңдегі жұмысы, төрағаны және бастауыш кәсіподақ ұйымының жаңа кәсіподақ комитетінің құрамын сайлау.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Дина Сыздықова кәсіподақ мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде есепті кезеңде кәсіподақ комитеті ұжымдық шарт ережелерін іске асыру, іс-шаралар өткізу, қызметкерлерге материалдық көмек бөлу, әлеуметтік сұрақтарды шешу мәселелерін қарастырғанын баяндады. Кәсіподақ комитетінің жұмысы және оның қаржылық қызметі жиналыста мақұлданып қанағаттанарлық деп танылды.

Жиналысқа қатысушылардың шешіммен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Дина Сыздықова қайта сайланды. Сондай-ақ, кәсіподақ комитетінің жаңа құрамы мен бастауыш кәсіподақ ұйымының тексеру комиссиясы сайланды.

Кәсіподақ төрағасы Бақытжан Тәжібай азаматтық қоғамдағы кәсіподақтардың рөлі туралы, өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау және білдіру бойынша «AQNIET» Кәсіподағының қызметі туралы баяндады, Кәсіподақтың 100 жылдық тарихы бар екенін де атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, кәсіподақтар мен Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған Салалық келісімнің жобасы қаралуда. «AQNIET» Кәсіподағында жоба соңғы 2 ай ішінде әзірленген және ол медицина және фармацевтика қызметкерлерінің, денсаулық сақтау субъектілеріндегі қызметкерлердің (медицина және фармацевтика қызметкерлерінен басқа), оның ішінде санитарлардың жалақысын мамандығына қарай жоғарылату коэффициенттерін қолдану жолымен ұлғайтуды, 1193 Қаулысымен белгіленген біліктілік санаттарын беру туралы куәліктердің қолданылу мерзімінің аяқталуына қарамастан, 2015 жылдан кейін берілген біліктілік (жоғары, бірінші, екінші) санаттарын ескере отырып, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жұмыс берушілердің медициналық қызметкерлердің лауазымдық жалақыларын есептеуді қамтамасыз етуін көздейді.

Сонымен қатар, қызметкерлердің жағдайын жақсартатын басқа да шаралар қарастырылған.

Әлеуметтік әріптестік тараптары Салалық келісім жобасының жұмысын 2023 жылғы 16 қаңтарға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Қызу әңгіме жүргізіліп, қызмет барысында туындайтын көптеген өзекті сұрақтарға толық жауаптар беріліп кездесу жылы достық атмосферада өтті.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU