«Бурабай» РОО профактивімен кездесу

«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібай 2022 жылғы 8 желтоқсанда «Бурабай» республикалық оңалту орталығында орталық ұжымымен кездесті.

Ол 2023 жылы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының құрылғанына 100 жыл толатынын атап өтті.

Төраға сөзінен тезистік анықтама:

«Кәсіподақ мерейтойлық күнге денсаулық сақтау қызметкерлерінің болашағына мызғымас сеніммен қарайтынын және тәуелсіз кәсіподақ ретінде осы мақсаттарға жету үшін аянбай қызмет жасайтынын айтты.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Кәсіподақ Парламент депутаттарымен, денсаулық сақтау министрлігімен, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен тығыз қарым-қатынас жасап, уәкілетті органдар құрған жұмыс топтары мен комиссияларға белсенді қатысып келеді.

Ұжымдық келіссөздер арқылы әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер мәселелері шешілуде, сала қызметкерлерінің денсаулығын сақтау мәселелері бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі уақытта жұмыс топтарында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру, әлеуметтік кодекс, кәсіптік біліктілік заң жобалары, қызметкерлердің ұжымдық талаптары бойынша заңнамалық актілердегі өзгерістер өзекті мәселелер болып табылады.

Саладағы негізгі құқықтық акт болып табылатын қолданыстағы салалық келісімде медицина қызметкерлерінің біліктілік санаттарына ақы төлеу, кіші медицина қызметкерлеріне сауықтыру жәрдемақыларын төлеу, денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық емес қызметкерлерге жалақы мөлшерін арттыру көзделген. Қазіргі уақытта 2023-2025 жылдарға арналған Салалық келісімнің жобасы дайын.

«AQNIET» Кәсіподағының қызметі толығымен ашық жүргізіледі. Барлық ақпарат сайтта және әлеуметтік желілерде жарияланады. Қазіргі уақытта біз барлық кәсіподақтардан осындай саясатты көргіміз келеді. Кәсіподақтар азаматтық қоғамның ең ресурстарды қажет ететін және ұйымдасқан бөлігі болып табылады. «AQNIET» Кәсіподағының қаржылық айналымы бір жылда шамамен 1 млрд 300 млн теңгеге жетеді. Барлық денсаулық сақтау қызметкерлерінің назарын осы сандарға аударғымыз келеді. Кәсіподақ мүшелері өздерінің сайланған көшбасшыларынан еңбек жағдайларын жақсартуды және өз құқықтарын қорғау үшін есептер мен белсенді әрекеттерді талап етуі қажет. Тәуелсіздік жылдары біздің Кәсіподақ өзінің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығын салды. «AQNIET» Кәсіподағының белсенділігі халықаралық деңгейде танылды.

Әр түрлі форматтағы оқыту семинарлары мен курстары үнемі өткізіліп тұрады. Тесттік бақылау нәтижелері бойынша үздіктердің үздіктері Санкт – Петербург қаласында оқытылды».

Кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан зор үлесі үшін Орталықтың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгүл Қайыпқызы Дәулетбаеваға Кәсіподақтың Құрмет грамотасы табыс етілді.

Қайыргелдина Саягүл Айдарқызының Орталыққа басшылыққа келуімен көптеген оң өзгерістер орын алуда, оның ішінде жұмыскерлердің еңбек жағдайлары мен әлеуметтік-экономикалық қолдауына қатысты орталық мамандары үшін қолайлы еңбек және демалыс жағдайлары жасалып, тұрғын үй мәселелері шешімін табуда, кіші медперсоналға ақы төленіп, қызметкерлер үшін арнайы автокөлікпен тегін жол жүру ұйымдастырылғанын айта кетуіміз керек.

Өз сөздерінде тату ұжым қызметкерлері өздерінің де, Орталықтың да материалдық әл-ауқатының жақсаруын күтуге барлық негіздері бар екенін шын жүректен атап өтті.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU