“Эдвокаси: Кәсіподақ көшбасшысының басты құзыреттерінің бірі ретінде”

“AQNIET” Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ (бұдан әрі – Кәсіподақ) кәсіподақ активінің кәсіби өсуі мен нәтижелі жұмыс жасауы үшін біліктілігін арттырып, жаңа біліммен тұрақты негізде байытады.

26-27 мамыр күндері “Денсаулық” сауықтыру оңалту орталығы базасында “Эдвокаси: Кәсіподақ көшбасшысының басты құзыреттерінің бірі ретінде” тақырыбында Орталық Кеңес мүшелеріне арналған кезекті оқыту тренингі өтті.

Спикер ретінде “KAMEDA” қоғамдық қорының атқарушы директоры Махаббат Еспенова шақырылды, ол “адвокация” тақырыбын барынша кең және түсінікті түрде ашты. Адвокация немесе эдвокаси – бұл кәсіподақ қызметіне қажетті кәсіби құзыреттердің бірі.

Тренингті Кәсіподақ төрағасы Бақытжан Тәжібай кіріспе сөзімен ашты. Ол бүгінгі таңдағы Кәсіподақтың рөлін атап өтіп, Кәсіподақ алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге тағы да тоқталып, тренинг қатысушыларының жұмысына табыс тіледі.

Тренинг жұмысы кәсіподақ жетекшісінің құзыретін анықтаудан басталды. Әрі қарай, кәсіподақтар үшін эдвокасидің тұжырымдамасы мен мақсаттары анықталды. Спикер эдвокаси мен оған жақын басқа ұғымдардың арасындағы айырмашылықты айқын көрсетті. Кәсіподақтар үшін эдвокаси құжаттарды, нормативтік-құқықтық актілерді, заңнамалық, құрылымдық өзгерістерді, және т. б. қабылдау үшін белгілі бір жетістіктерге жеткенге дейін ақпараттық науқандар, лобби, қоғамдық тыңдаулар, қол жинау, пикеттер мен митингілер әдісімен қоғамның пайдасына ұзақ мерзімді оң өзгерістерге ықпал ететін шешімдер қабылдау үшін қажет екенін атап өткен жөн. Практикалық тапсырмаларды орындау үшін қатысушылар бірнеше рет кіші топтарға бөлініп жұмыс істеді. Ал екі күндік жұмыс соңында қатысушылар эдвокаси тақырыбын бекіту үшін тест тапсырды және тренингте оқудан сәтті өткенін растайтын сертификаттар алды. Кәсіподақ Махаббат Махсутовнаға пайдалы тренинг үшін алғыс білдіреді.

Сондай – ақ, тренинг барысында қатысушылар – “AQNIET” салалық кәсіподақ филиалдарының басшылары Қазақстан еңбек конфедерациясының бас хатшысы Машкенов Мұрат Рахматулловичпен өңірлердегі кәсіподақтардың жұмысын жақсарту және позициясын күшейтудің өзекті мәселелерін талқылай алды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU