«AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының филиалы персоналды басқару қызметінің басшылары мен кәсіподақ активіндегі келісім комиссиясының мүшелері үшін семинар ұйымдастырды. Семинарды ашқан «AQNİET» ҚДСҚСК төрағасы Бақытжан Тәжібай келісім комиссиясының мүшелерін жыл сайын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту қажеттілігін атап өтті. Жанжал деңгейін төмендету мен консенсусқа қол жеткізу келісім комиссиясының басты мақсаты.
Келісім комиссиясының мүшелерін еңбек заңнамасын және осы дағдылардың барлығына қызметкермен келіссөздер жүргізу құралдарын қолдануға үйрету арқылы аталған мақсаттарға қол жеткізуге болатынын атады. Сондай-ақ, қатысушыларды«AQNİET» ҚДСҚСК қызметі туралы хабардар етіп, денсаулық сақтау қызметкерлерін құқықтық қорғау жөніндегі «МедАдвокат» жобасымен таныстырды.
Дәріскер ретінде Еңбек және корпоративтік құқық ҒЗИ директоры, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ-ң адъюнкт-профессоры, Заңтану бойынша философия PhD докторы, Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ж.ғ.қ. Хасенов Мүслім Ханатұлы сөз сөйледі.
Семинарға 100-ге жуық адам қатысты.
Семинар барысында тақырып бойынша көптеген сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Тыңдаушылар лектор Мүслім Хасеновке мазмұнды, кәсіби дайындалған оқу бағдарламасы үшін алғыстарын білдірді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU