АҚШ, Канадада оқу оқып, еңбек етіп жатырған қазақ жастарының сәлемдемесі Атырау қаласына да келіп жетті. Орталық Кәсіподақ Кеңесінің тапсырмасымен, Атырау облыстық комитетінің төрайымы Сарсенова Н.Д мұхит асып келген гуманитарлық көмекті Атырау облыстық аурухана ұжымына тапсырды.
Ұжым мүшелері өте риза. Әсіресе, оттегі көпшіктері, қызу өлшейтін құралдар әрқашанда қажеттілік тудырады. Атырау облыстық ауруханасының директоры Иманғалиев Ербол Зейноллаұлы шет елдерде жүріп, өз отанын ойлаған қазақ жастарына ұжым мүшелері атынан үлкен ризашылығын білдірді. Әсіресе, еріктілер Айжан Хамит, Ай Нұр, Марина Абрамс, Алия Жұмабек, Ғани Стамбек және басқаларына, сонымен қатар, Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы Орталық Кеңесінің төрағасы Тәжібай Бақытжан Арынұлына ерекше алғыстарын жолдады. Жер жаханда тәжі вирусы әлі өршіп тұрған кезде бұл көмек ұжым мүшелерін бір қуантып тастады.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU