Бүгін Астана медицина университетінде Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының, Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар орталығының, Қалалық фтизиопульмонология орталығының, Астана медицина университетінің және Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының (ҚДСҚСК) ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау жүйесінің кезекті COVID-19 толқынына дайындығы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері, КВИ бойынша ғылыми және клиникалық қызметке белсенді қатысып жүрген медициналық мамандықтарының оқытушылары жиналды.

Конференцияда бүгінгі күні коронавирустық инфекцияның даму динамикасы көрсетілді, медицина қызметкерлері стационарлық және амбулаториялық деңгейде пандемия жағдайында жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті және медициналық университет оқытушыларының коронавирустық инфекциямен күреске қосқан үлесі атап өтілді.

ҚДСҚСК төрағасы Бақытжан Тәжібай денсаулық сақтау қызметкерлерін КВИ-мен күресте қаржылық қолдаудың проблемалық мәселелері туралы айтты. Медицина қызметкерлерінің жұмыс орындарында ауруды жұқтыруының барлық қауіптері ескерілгенде, осы қауіптер бойынша санаттау кезінде кейбір қырлар қарастырылмаған: кей қызметкерлер шетте қалып қойды, сонымен қатар қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз ету проблемалары туындады. Сондықтан ҚДСҚСК төрағасының есебінде ресурстар мен қаражатты лайықты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағыттау қажет екендігі көрсетіліп, келесі мәселелерге назар аударылды:

– медициналық қызметкерлер үшін ЖҚҚ-ның кең таралған жетіспеушілігі;

– аурудың белгілері болғанына қарамастан медициналық қызметкерлерге ПТР-диагностикасын ақысыз өткізу мүмкіндігінің болмауы;

– қызметкерлерді еңбек демалысын ақысыз алуға мәжбүрлеу;

– басқарушылардың үйлестіру ұйымдастырушылық жұмысының болмауы;

– ауырған жағдайдағы және карантинге шығу кезіндегі еңбекке жарамсыздық парақтарын беру;

– жұқтыру ықтималдығын төмендететін тұрмыстық және демалыс жағдайларын қамтамасыз етпеу;

– жұмыс және тынығу режимін сақтамау, шамадан тыс жүктеме;

– аурушаңдықтың жоғары өсу кезеңінде кадр резервін даярлаудың жеткіліксіздігі және оларды эпидемияға қарсы шараларға үйретудің жетіспеушілігі.

Осыған байланысты Кәсіподақ КВИ-мен күресте эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау қызметкерлерін қаржылай қолдау тәсілдерін қайта қарауды және КВИ таралуын болдырмау шараларын қолданатын және/немесе науқастарды емдейтін барлық персоналды материалдық ынталандыратын арнайы еңбек жағдайлары үшін төлемдер жүйесін енгізуді ұсынды. Бөлінген ресурстарды негізгі жалақыны өсіруге бағыттау қажет. Осы мақсаттарға жету үшін ҚДСҚСК бірқатар жұмыстар жасады (жаңалықтар бөлімінде орындалған жұмыстар туралы арнайы жарияланымдар бар).

«Денсаулық сақтау жүйесінің COVID-19 келесі толқынына дайындығы» ғылыми-практикалық конференциясының қатысушыларына зор алғысымызды білдіреміз. Бұл конференция – практикалық денсаулық сақтау және академиялық сала қызметкерлерінің (медициналық университеттер) халықтың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін әрдайым жұмыс істеуге және ең жақсы шешімдер табуға дайындығының тағы бір дәлелі.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU