Бұл өмір! Кенеттен жер жаһанды жаулап алған тәжі вирусының пандемиясы бар әлемді дүр сілкіндірді. Шындығы керек, ешкім күткен де жоқ және мұндай соққыға дайын емес едік. Алайда, әр адамның азаматтық парызы арқасында індетпен күресуге міндеттіміз.
*
Атырау облысындағы ЖШС «Стоматология» ұжымы бұл жауапкершілікті толықтай түсінеміз және қолдаймыз. Облыс орталығындағы стоматологиялық ең ірі мекеме болғандықтан, жедел көмек көрсету үшін терапиялық және хирургиялық мамандандырылған бригада жұмыс үстінде. Барлық сақтандыру шаралары сақталуда. Тіпті обаға қарсы күрес костюмі де табылды. Келген сырқат адамдар да эпидемиялогиялық тәртіпке сәйкес қабылданады. Кезек күткенде де 1-2 метр қашықтықты сақтау қатаң тексеріледі. Ұжым мүшелерінің қауіпті жағдайда атқарып жатырған жұмыстары жөнінде бейне ролик те дайындалды. Төтенше жағдайда халыққа қызмет көрсетіп жатырған медицина қызметкерлерінің қал-жағдайын, еңбек және эпиядемиялогиялық тәртіптерінің сақталуын өз көзімен көруге Қазақстандық салалық денсаулық қызметкерлерінің кәсіподағы Атырау облыстық комитетінің төрайымы Нұртаң Сарсенова келіп, ұжым мүшелерімен кездесті. Қазіргі ахуалға байланысты ҚР Үкіметінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тәжі вирусінің ошақтарына байланысты медицина қызметкерлеріне көрсетіліп жатырған қамқорлығы туралы түсініктемелер беріп, моральдық- психологиялық қолдау көрсетті. Сонымен қатар, тамақтар жиынтығын да ала келді. Қызметкерлерге ыстық тамақ ұйымдастыру үшін қаржылай да көмек көрсетті.
*
Дәрігер-стоматолог Нығметов Алмат Өтепкалиұлы, мейірбике Сидағалиева Назым Базарқызы бастаған әріптестеріне ризашылығын білдірді.
*
«Кәсіподақтың күші – бірлікте» ұранының шын мағынасы осындай қауіпті жағдайда ашылғандай.
*
Халық әрқашан бірлікте, татулықта, сыйластықта болса, алынбайтын қамал жоқ.
Бұл індетті де жеңеміз! #BizBirgemiz
*
Гүлжан Джумаханова – ЖШС «Стоматология» кәсіподақ комитетінің төрайымы

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU