«Қазақ радиолары» ЖШС бас редакторы Дулат Абибуллаевтың шақыруымен Бақытжан Арынұлы Тәжібай Қазақ радиосының қонағы ретінде эфирге шақырылды.
Эфир барысында радио жүргізушісі Гүлдарай Кемелова медицина саласында болып жатқан өзгерістер, денсаулық сақтау қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы бойынша сұрақтар қойды. Бақытжан Арынұлы дәрігерлердің еңбекақысын жоғарлату бойынша Кәсіподақ жұмыстарының жағымды нәтижелерін, Кәсіподақтың ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен медицина қызметкерлеріне қажет және сау жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде салалық келісімшартқа қол қойылғанын айта кетті.

Радио қызметкерлері Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрағасымен жүргізілген әңгімеге толықтай риза болып, алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры Ернұр Бураханның атынан Бақытжан Арынұлына «Мың алғыс» қайырымдылық кешін өткізуге қосқан зор үлесі мен жанашырлығы үшін алғыс хат берілді.
Біз де өз кезегімізде Қазақ радиолары ұжымына жылы лебіздері үшін және достық ынтымақтастығымыз үшін айтар алғысымыз зор.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU