Байланысқа 8 (7172) 497781 телефон номері бойынша дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00 – 18:00 аралығында немесе zarplata@zdravunion.kz электрондық поштасы арқылы шыға аласыздар.
Сондай-ақ, сұрақтарыңызды “Профсоюз здравоохранения Филиал Астаны – Казахстан” (Google Play-ден) мобильді қосымшасын жүктеу арқылы қоюларыңызға болады.
Барлық сұрақтарға жедел жауап беріледі.

2020 жылдың 1 қаңтарынан өскен жалақының есептелуіне байланысты денсаулық сақтау саласының меншік нысанына, кәсіподақ ұйымының өкілдігіне қарамастан кез-келген медицина қызметкері өз сұрағын, туындауы мүмкін даулы жағдайлары туралы хабарлай алады.
Жедел желінің қызметі 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісімге сәйкес белгіленген коэффициенттердің дұрыс қолданылуын бақылауға және жергілікті жерлердегі туындаған даулы жағдайларға дер кезінде жауап беруге көмектеседі.
Медицина қызметкерлерінің жекелеген категорияларының жалақысын 2020 жылдың 1 қаңтарынан өсіру нормаларын қамтитын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы арасындағы Салалық келісімге 2020 жылдың 13 қаңтарында қол қойылғанын естеріңізге саламыз. Біздің кәсіподақ медицина қызметкерлерінің неғұрлым көбірек қамтылуына және әділ бөлуді қамтамасыз ету қажеттігін есеп жүргізу кезеңінде талап етті. Клиникалардағы клиникалық (параклиникалық) бөлімшелердің меңгерушілері, провизорлар мен фармацевтер, шаруашылық бикелері, аға мейірбикелер қосымша енгізіліп, нәтижесінде жалақысы өсетін қызметкерлердің тізбесі кеңейтілді. Медициналық білімсіз қызмет атқаратын зертхана мамандары жөнінде келіспеушіліктер қалды. Медициналық білімі бар әріптестері сияқты функцияларды атқаратын бұл мамандардың жалақысын міндетті түрде өсіру керектігін қолдаймыз.

Салалық келісім жалақысын өсіруге тиіс негізгі персонал санатына кірмейтін қызметкерлерге жұмыс берушінің қосымша ынталандыру төлеу өкілеттігін шектемейді.

Еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру кезінде жұмыс берушінің субъективті тәсілін болдырмау үшін бүгінде кәсіподақтар міндетті түрде Денсаулық сақтау субъектілерінде бөлінген мақсатты қаражатты бөлуге қатысуы қажет. Салалық келісімде бұл норма көрсетілген.

Кері байланыс үшін қазіргі уақытта барлық медицина қызметкерлерін жалақыны арттыру туралы жеке мәліметтерін бізге жіберуге шақырамыз!
Жалақыны өсірудің нақты мониторингін жүргізу біз үшін өте маңызды. Медицина қызметкерлерінде жалақыны есептеудің “есеп айырысу парақтарының” көшірмелерін жіберу мүмкіндігі бар. Бұл мәліметтер осы жылы министрлікпен жоспарланып отырған саладағы еңбекақы төлеудің жаңа әдістемесін бірлесіп әзірлеуге және ағымдағы жағдайды талдауымызға көмектеседі.
2019 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қаржы департаменті кәсіподақтарды жұмыс тобына енгізе отырып, медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін қажеттілікті анықтап есеп жүргізуді бастады. Бізге ұсынылған егжей-тегжейлі есептер мен көрсеткіштер үшін, жұмыс тобына қатысуымызды қамтамасыз еткені үшін Министр Елжан Біртановқа және ҚР ДСМ қаржы департаментінің қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіреміз.Жалақыны өсіру жөніндегі жұмыс тобына қызметкерлердің басқа да өкілдері енгізілгеніне қарамастан, негізгі ұсыныстар мен қосымша және Салалық келісімді дайындау Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының (ҚДСҚСК) өкілдерімен жасалғанын айта кету керек.
2020 жылдың 1 қаңтарынан өсетін жалақы бойынша ҚДСҚСК-ң ұстанымын жұртшылық пен медицина қызметкерлері үшін ұсынамыз.
Біз:
1) үкімет медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруға мақсатты ақшалай қаражат бөлгенін;
2) медициналық қызметкерлердің жалақысын 30% және 20% “виртуалды” ғана емес, ӘМСҚ тарифтік саясатындағы өзгерістермен бекітілген абсолюттік сандардағы нақты сома туралы сөз болып отыр. Яғни кәсіпорын басшыларының №1193 ҮҚ бойынша белгіленген жалақыдан «жоғары» айлық екені және еш өзгерістер болмайды деген дәлелдерінің НЕГІЗСІЗ екенін!
3) ҚР ДСМ есептерді №1193 ҮҚ коэффициенттеріне сүйене отырып жүргізді, себебі бастапқы негіз болуы тиіс. Мысалы маусым айындағы жалақының өсімін барлық денсаулық сақтау субъектілерінің қажетті көлемде орындамауы, қазіргі уақытта штат қалыптастыру жөніндегі қатаң талаптардың болмауы, көптеген ұйымдарда белгіленген жалақылардың бірдей позицияларда әр түрлі болуы, және басқа да себептер. Кейбір басшылар белгіленген жалақыларға сілтеме жасай отырып №1193 ҮҚ шеңберінде есеп айырысып, 2019 жылдың жазында жалақының нақты өсуін қамтамасыз етпегенін;
4) жалақыны көтеру үшін қажеттіліктерді есептеу кезінде салықтық және әлеуметтік аударымдар, МӘМС жарналары, экологиялық аймақтар төлемдері ескерілгенін;
5) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың медицина қызметкерлерінің жалақысын өсіру бойынша тапсырмасын толық іске асыруды қамтамасыз ететін болмашы резервтің бар екенін есеп айырысуға қатысқан кәсіподақ экономистері атап өткенін;
6) Денсаулық сақтау субъектілері әкімшілігінің қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін бөлінген қаражаттың тапшылығы туралы барлық өтініштері кәсіподақтың қатысуымен мұқият талдауды және растауды талап етеді. Мұндай қаражат тапшылығының объективті себептері болған кезде біз өзара іс-қимыл арқылы тез арада шешуге, сондай-ақ ӘМСҚ-мен ынтымақтастықта болуға, жалақыны өсірудің бірлескен мониторингін жүзеге асыруға дайынбыз. Біздің мәліметтер бойынша, жекелеген проблемалардың болуына қарамастан, қаржы жеткілікті көлемде бөлінген. Біздің мақсатымыз: бөлінген қаражаттың медицина қызметкерлеріне жетуі… Жалақының өсуіне іс жүзінде қол жеткізу медицина қызметкерлерінің белсенділігіне де байланысты. Сол себепті кері байланыс пен қоғамдық бақылаудың қажеттігін;
7) Барлық медицина қызметкерлерінен, жалақыны арттыру жөніндегі міндеттерді конструктивті тәсіл мен тиімді шешу үшін,2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақылары туралы объективті деректерді түсіндірмемен жіберуін ұсынамыз.zarplata@zdravunion.kz электрондық поштасы арқылы келіп түскен хаттарға 100% жауап қайтаруға міндеттеме аламыз және растаймыз.

Жалақыны өсіруді түсіндіру бойынша Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы АНЫҚТАМАЛЫҚ дайындады. Анықтамалық Кәсіподақтың бастауыш кәсіподақ ұйымдарында таратылатын болады.
Жүргізілген есептеулерге сәйкес, жоғары санатты дәрігерлерге еңбекақы көтерілгеннен кейін қосымша өсім сомасы айына 47 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерлеріне айына 27 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Жалақының өсуіне 86,2174 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 067 бағдарлама бойынша-78,764 млрд теңге, экологиялық-1,872 млрд теңге, жеке меншік ұйымдарды ескере отырып -5,5814 млрд теңге.
Тарифтік саясаттағы өзгерістер осы сандарды ескере отырып жасалды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU