Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған филиалының  жұмыс жоспарына сәйкес 25 қазан 2017 жылы Астана қаласындағы «КАМЕДА» консалтинг және зерттеу орталығымен бірлесе отырып арнайы семинар – тренинг өткізілді.

Семинар-тренингке Талдықорған аймағындағы денсаулық сақтау мекемелерінің 9 аудандық және 20 қалалық  кәсіподақ төрағалары мен төрайымдары  қатысты.

Алғысөз сөйлеген филиал төрағасы  А.Шалтабаев өткізілгелі отырған іс-шараның мақсат-міндеті туралы атап айтқанда қатысушылардың лидерлік белсенділіктерін арттыру  жолдарын үйрету, еңбеккерлердің құқықтарын жан-жақты қорғай алатын кәсіподақ жетекшілерін дайындау болып табылатынын айтты. Семинар-тренингті Астана қаласынан «КАМЕДА»  консалтинг және зерттеу орталығының атқарушы директоры  М.Еспенова  жүргізді. Семинар тақырыбы «Кәсіподақтың негізгі жұмыс құралдары»  болғандықтан  тренинг барысында  кәсіподақ лидерлері білімдерін толықтырып қана қоймай, өздеріне беймәлім жаңа ұғымдармен (органайзинг, эдвокаси, питчинг, нетворкинг) танысып,  мән-мағаналарын ұғуға мүмкіндік  алды. Оқу процесінде слаидтар, тестілер, түрлі ойындармен, жұмыс барысында орын алатын тәжірибе – сабақтармен алмасып отырды.  Семинар жұмысы өте  қызықты  өткізілгені соншалық, ешкімнің бей-жай отыруына мумкін де болмады. Семинар  соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды. Өз кезегінде тренинге қатысушылар   ұйымдастырушыларға ризалығын білдіріп және де осы алған білім-тәжірибелерінің кәсіподақтың болашақта беделі мен іс-әрекетінің  өсіп – өркендеуіне  жұмсайтынына сендірді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU