6 қазан 2017 жылы «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Талдықорған филиалының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік лайықты еңбекті қолдау күніне арналған жанұялық спартакиада облыс көлемінде аталып өтті.

Құрметті қонақ ретінде Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев шақырылды. Спартакиаданы бұқараға тарату  үшін облыстық «Жетісу» телеканалының және «Жәрдем» газетінің тілшілері  атсалысты.

Алдыңғы жылдарға қарағанда биыл төрт аудандық аурухана (Ақсу, Ескелді, Қаратал, Көксу) және Текелі қаласы, Талдықорған қаласының денсаулық сақтау мекемелері атынан облыстық деңгейдегі кардиологиялық орталығы «Жүрек тобы», онкологиялық диспансер «Позитив», түберкүлезге қарсы диспансер «Тұлпар», облыстық аурухана «Күншуақ», қалалық емхана «Eagles» командаларымен толығып жарысқа түсті.

Алғысөзде филиал төрағасы Асан Шалтабаев жарысқа қатысушыларға, жанкүйерлерге, қонақтарға «Лайықты еңбекті қолдау» – ұғымы туралы мәліметтер берді. Нақтылап айтатын болсақ Халықаралық күн кәсіподақ ұйымдарының бірлігін, олардың еңбек адамдарының  құқықтарын қорғауға әрқашан дайын екендіктерін және де түрлі деңгейдегі Келісімдер арқылы туындап жатқан мәселелер дер кезінде шешімдерін табатынын жеткізді. Іс –шараның  мақсаты ұжымдар арасында достық  қарым- қатынасты берік ету, жасөспірімдер мен ата-аналарының денсаулығын нығайту, еңбеккерлердің қоғамдағы беделін өсіру, кәсіподаққа деген жоғары сенімділікті арттыра отырып, ролін  күшейту. Төраға жарысқа қатысушыларға – сәттілік, әділқазы алқасына – әділ баға, жеңіске күштілер жетсін – деп баяндамасын түйіндеді.

Жылдан- жылға ойын өрнектерін шыңдап жүрген командалар өте тартысты өнер көрсетті. Жарыс мәресінде 10 команданың ішінен суырылып шыққан  үштік анықталды.

Олар 1. «Көксу тобы» – Көксу аудандық ауруханасы;
2. «Eagles»- қалалық емханасы;
3. «Ақсу жастары» – Ақсу аудандық ауруханасы.

Жарысқа қатысқан барлық командалар ескерусіз қалмай жұбаныш сыйлықтарына ие болды. Мерекеге қатысқан қауым көтеріңкі көңіл-күймен, командалар лайықты еңбегіне – лайықты  марапат алдық деп, болашақта тек қана спорт алаңында кездеспей, жанұяларымен араласып тұрайық деген көңілмен қоштасып тарасты.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU